Сондай-ақ қараңыз
TVI индикаторын Уильям Блау (William Blau) 1995 жылы әзірлеп, «Momentum, Direction and Divergence» кітабында сипаттаған. Бұл осциллятор нарыққа кіру сәтін, сондай-ақ трендтің бағытын және басқа да параметрлерді анықтауға мүмкіндік беретін тамаша ақпараттық индикатор болып келеді. Осциллятордың ерекшелігі, ол бағаның негізінде емес, тиктік көлем негізінде есептелетіні.
TVI = 100 * ((DEMA(upticks) - DEMA(downticks))/( DEMA(upticks) + DEMA(downticks)))
TVI индикаторы мәмілеге кіру және одан шығу орнын, трендтің бағытын, сондай-ақ қайта сатып алу/ қайта сатудың сигналдарын анықтауға мүмкіндік беретін кешенді индикатор-осцилляторды білдіреді.
Егер нарықта өрлемелі үрдіс байқалған жағдайда және TVI индикатордың бары түсін қызылдан көкке ауыстырса, активті сатып алу керек, өйткені баға жалпы өрлемелі трендтің аясында әрі қарай өсуі мүмкін. Индикатор түсінің өзгеруі — бұл нарыққа кіру сигналы.
Егер нарықта төмен түсетін үрдіс байқалған жағдайда және TVI индикатордың бары түсін көктен қызылға ауыстырса, активті сату керек, өйткені баға жалпы төмен түсетін трендтің аясында әрі қарай құлдырауы мүмкін. Индикатор түсінің өзгеруі — бұл нарыққа кіру сигналы.
Гистограмманы жанай өтетін индикатордың негізгі сызығы нарықтағы үрдісті анықтаушы ретінде көрінеді.
Егер негізгі сызық нөлдік деңгейді жоғарыдан төмен қарай кесіп өтсе — нарықтағы тренд төмен түсетінге ауысады. Индикатордың негізгі сызығы нөлдік деңгейді төменнен жоғары қарай кесіп өтсе — тренд өрлемеліге ауысады.
Бұдан басқа, қазіргі тренд автоматты түрде анықталады және оның бағыттылығын сол жақ бұрышындағы жоғарғы терезеден көруге болады: «up» өрлемеліні, ал «down» — график ашық тұрған таймфреймдегі төмен түсетін трендті білдіреді.
Егер гистограмманың жоғарғы шыңы сол жағына қарағанда төмен болса, ал бағасы құлдырап кетсе — нарықта бағаның төмен бұрылысын ескертетін дивергенция байқалады. Егер гистограмманың оң жақтағы шыңы сол жағына қарағанда жоғары болса, ал бағасы өсіп жатса — нарықта бағаның жоғары бұрылысын ескертетін конвергенция байқалады.