Сондай-ақ қараңыз
Стохастикалық Осциллятор (Stochastic Oscillator) Техникалық Индикаторы жабудың ағымдағы бағасын уақыттың таңдап алған кезеңіндегі баға диапазонымен салыстырады. Индикатор екі сызықпен берілген. Басты сызық %K аталады. Екінші сызық %D - бұл %K сызығының сырғымалы орташасы. Әдетте %K тұтас сызықпен, ал %D - пунктир сызықпен бейнеленеді. Стохастикалық Осцилляторды түсіндірудің ең көп тараған үш тәсілі бар:
Осциллятор (%K немесе %D) алдымен белгілі бір деңгейден (әдетте 20) түсіп, сосын одан жоғары көтерілгенде, сатып алыңыз. Осциллятор алдымен белгілі бір деңгейден (әдетте 80) жоғары көтеріліп, сосын одан төмен түскенде, сатыңыз.
Егер %K сызығы %D сызығынан жоғары көтерілгенде, сатып алыңыз. Егер %K сызығы %D сызығынан төмен түскенде, сатыңыз.
Алшақтықты қадағалаңыз. Мысалы: бағалар бірқатар жаңа максимумдар құрайды, ал Stochastic Oscillator өзінің алдыңғы максимумдарынан жоғары көтеріле алмайды.
Стохастикалық осцилляторды есептеу үшін төрт ауыспалыны қолданады:
- %K Периодтары. Бұл стохастикалық осцилляторды есептеу үшін қолданылатын бірлі-жарым периодтардың саны.
- %K бәсеңдеу периодтары. Бұл шама %K сызығының ішкі жатықтау дәрежесін анықтайды. 1 мәні жылдам стохастикалық осцилляторды, ал 3 мәні - баяуды береді.
- %D Периодтары. Бұл %K сызығының сырғымалы орташасын есептеу үшін қолданылатын бірлі-жарым периодтардың саны.
- %D әдісі. Бұл (экспоненциалды, қарапайым, жатықталған немесе өлшенген), %D есептеу үшін қолданылатын жатықтау әдісі.
%K есептеу формуласы:
%K = (CLOSE-LOW(%K))/(HIGH(%K)-LOW(%K))*100
Где:
CLOSE - бүгінгі жабылу бағасы;
LOW(%K) - %K периодтардың ең төменгі минимумы;
HIGH(%K) - %K периодтардың ең үлкен максимумы.
Сырғымалы орташа %D мына формула бойынша есептеледі:
%D = SMA(%K, N)
Мұнда:
N - жатықтау периоды;
SMA - қарапайым сырғымалы орташа.
Форекс графиктері
Веб-нұсқа
Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.
If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.
Why does your IP address show your location as the USA?
Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.
We are sorry for any inconvenience caused by this message.